$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әйелімнің қыздары өгей емес, өз қыздарымдай»: Жахан Отарғалиев жаңа отбасы жайлы сыр шертті

Әйелінің бұрынғы күйеуінен екі қызы бар 

«Әйелімнің қыздары өгей емес, өз қыздарымдай»: Жахан Отарғалиев жаңа отбасы жайлы сыр шертті
Фото: instagram/zhahan_utargaliyev

Жуырда ғана шаңырақ көтерген актер Жаһан Отарғалиев келіншегінің қыздарына қалай қарайтынын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Қыздарым бар. Үлкені - 13-те, кішісі 7-ге толды. Кіші қызбен қарым-қатынасымыз өте жақсы, ал үлкенімен үлкенше сөйлесесің. Үйде сабағын тексерем, миым ашиды. Қазіргі балалардың сабағы қиын екен. 

Мен өмір бойы қызым болса екен деп армандадым, бірақ былай жақын болып кетемін деп ойлаған жоқпын. Қазір бір күнімді соларға арнаймын. Мен таңғаламын, қыз балаға шынымен де «жоқ» деп айта алмайды екенсің ғой. Бұрын солай айтқандарға сенбейиінмін», – деді актер Зарина Мүсілімге берген сұқбатында айтты.

Сонымен қатар әртіс үшінші некесіне саналы түрде келгенін және ұнатқан жанмен үш-ақ рет кездесіп некеге тұрғанын айтады. Айтуынша, ол ажырасқаннан кейін терең күйзелісте болған және қажылыққа барған кезде Алладан өзіне жақсы жар тілеген.

Серіктес жаңалықтары