«Астана Опера» алдындағы өткелдің 8 ай жөнделуіне байланысты автобустардың бағыты өзгеретін болды
Қонаев көшесінің бір бөлігі 8 айға жабылады
«Астана Опера» алдындағы өткелдің жөнделуіне 8 ай уақыт жұмсалады. Осыған байланысты автобустардың бағыты өзгеретін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 19 ақпан мен 30 қазан аралығында Дінмұхамед Қонаев көшесімен жүретін №№ 12, 29, 29А, 35, 305, 312 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
«Осы кезеңде «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры маңындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңарту жұмыстарына байланысты Дінмұхамед Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі бөлігі жабылады.
Сапарыңызды жоспарлау кезінде бұл өзгерістерді ескерген жөн», - делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін «Астана Опера» алдындағы өткелдің жөнделуіне байланысты Қонаев көшесінің бір бөлігі 8 айға жабылатыны хабарланған болатын.