$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Астана Опера» алдындағы өткел жөнделеді: Қонаев көшесінің бір бөлігі 8 айға жабылатын болды

Қонаев көшесінің бір бөлігі 19 ақпаннан бастап жабылады

«Астана Опера» алдындағы өткел жөнделеді: Қонаев көшесінің бір бөлігі 8 айға жабылатын болды
Фото: instagram/astana_opera

«Астана Опера» алдындағы өткелдің жөнделуіне байланысты Қонаев көшесінің бір бөлігі 8 айға жабылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында, сол сияқты жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздік пен ыңғайлылықтың заманауи стандарттарын ескере отырып, Қонаев көшесіндегі «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін реконструкциялауды жалғастыру жоспарланып отыр.

«Осыған байланысты, Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша осы жылдың 19 ақпанынан 30 қазанына дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен қамтамасыз етілетін болады. 

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары