Сериалдарға түсіп жүрген танымал актриса көз жұмды
Ол актерлік өнерді 9 жасында бастаған
Оңтүстіккореялық актриса Ким Сае-рон Сеулдегі үйінде өлі күйінде табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Yonhap-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның алдын ала қорытындысына сәйкес, ол өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін, өйткені оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, үйді бөтен адамның бұзып кіру белгілері де жоқ.
24 жастағы жұлдыз актерлік өнерді 9 жасында бастаған. Ол «The Man from Nowhere» фильміне түсіп, танымалдығы күрт артты.
2022 жылдың мамыр айында актриса мас күйінде көлік жүргізуіне байланысты даудың ортасында қалды. Ким Сае-рон Сеулдің Ганнам ауданында трансформаторға соғылған. Салдарынан үш сағатқа жуық уақыт маңайда электр энергиясы болмаған. Актрисаға 20 миллион вон (шамамен 10 мың доллар) айыппұл салынған. Осы оқиғаға байланысты оның 2023 жылы Netflix Snoops сериясындағы рөлі толығымен дерлік қысқартылды.
Ол былтыр актерлік карьерасын қайта жандандырмақ болған. Алайда денсаулығына байланысты көп ұзамай қызметінен кетті.