$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Грузияның экс-президентін әуежайда белгісіз біреулер жұмыртқамен атқылады

Саломе Зурабишвилиге әуежайда жұмыртқа лақтырды

Грузияның экс-президентін әуежайда белгісіз біреулер жұмыртқамен атқылады
Фото: Salome Zourabichvili / X

Грузияның бұрынғы президенті Саломе Зурабишвили Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясынан оралған кезде Тбилисидегі халықаралық әуежайда белгісіз біреулердің шабуылына ұшырады. Олар саясаткерге жұмыртқа лақтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл әрекет анонимді белсенділер тобының (зондерлер) ұйымдастыруымен жасалған болуы мүмкін.

Бұған дейін дәл осындай жағдай Грузияның экс-премьер-министрі, «Грузия үшін» оппозициялық партиясының жетекшісі Георгий Гахарияның да басынан өткен. Ол да Мюнхен конференциясынан оралғанда әуежайда шабуылға тап болды.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода Гахарияны «шетел агенті» және «отан сатқыны» деп айыптаған сөздер айтылған. Бұл оқиғаның USAID ұйымының Грузиядағы жобаларының тоқтатылуымен байланысты болуы мүмкін деген пікірлер бар.

Оппозициялық «Грузия үшін» партиясы әуежайдағы оқиға кезінде полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне наразылық білдірді.

 

 

Серіктес жаңалықтары