$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысының вокзалында педофилизм бойынша күдікті ұсталды

Тағы бір күдікті әуежайда қолға түсті

Маңғыстау облысының вокзалында педофилизм бойынша күдікті ұсталды
Фото: Маңғыстау облысы ПД

2025 жылдың басынан бері Қазақстанның көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 23 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың жетеуі уақытша ұстау изоляторына қамалса, 16-сы іздеуге бастамашы болғандарға берілді. Ұсталғандар арасында негізінен ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар бар.

«5 ақпанда Көліктегі полиция департаментінің жедел бөлімшелерінің қызметкерлері Маңғыстау вокзалында ауыр қылмыс – жыныстық қатынас немесе он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасағаны үшін Маңғыстау облысының Көліктегі полиция департаментінің халықаралық іздеуге жарияланған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады», - деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Ол Қазақстанға Түркиядан келіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

8 ақпанда Алматы халықаралық әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Грузиядан келген Ресей азаматын ұстады. Ер адам Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 132 (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін 2023 жылдан бері іздеуде болған. Көрші мемлекеттің тәртіп сақшылары іздеуде жүрген азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары