17.02.2025, 20:20
Жаңалықтар
Шенеуніктерді тура жиналыс барысында ұстап алып кеткен
Қолдарына қолкісен салынып, кабинеттен күштеп шығарылды
Фото: Өзбекстан Энергетика министрлігі
Самарқандта электр және газбен жабдықтаушы компаниялардың жеті қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тікелей жиналыс кезінде ұсталды. Бұл туралы Өзбекстанның Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
14 ақпанда өткен жиынға Бас прокурордың орынбасары Шохрух Әминов жетекшілік еткен. Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық схемаларын талқылап жатқанда, жеті қызметкерге қылмыс жасады деген күдік тағылып, олардың қолына кісен салынды.
Күдіктілерді әріптестерінің көзінше кабинеттен күшпен алып кеткен. Сот оларды қамауға алу туралы шешім шығарды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
