$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ақша жымқырып, Жамбыл облысында депутат болған шенеунік сотталды

Сотталғандардың арасында Жамбыл облысының мәслихат депутаты Мұханбеталы Жеңісұлы бар

Алматыда ақша жымқырып, Жамбыл облысында депутат болған шенеунік сотталды
Фото: видеодан кадр

Элиталық тұрғын үй кешендерінің құрылысына рұқсат берумен айналысқан Алматының бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың қатарында Жамбыл облыстық мәслихатының Кәсіпкерлік, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мұханбеталы Жеңісұлы бар.

Бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаланың бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджанов пен өзге де сотталушыларға қатысты атышулы іс бойынша үкім шықты. Олар қызмет бабын асыра пайдалану, алаяқтыққа көмектесу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі көлемде жымқыру, пара алуға әрекет жасау бойынша кінәлі деп танылды.

Сот шешімі бойынша:

  • жоспарлау және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджанов 11 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Ардақ Самамбетовке – 10 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Жерге орналастыру басқармасының бұрынғы басшысы Ерлан Жармұханбетов – 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олармен бірге іске қатысы бар екі кәсіпкер – Берік Өкімбаев пен Мұханбеталы Шалқарбеков бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ бағалау компаниясының директоры Алмазхан Бәкіров сегіз жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары