$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мұғалімдерге тиіспеңіздерші»: ұстаздарды концертке билет алуға мәжбүрлеген

Білім министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді

«Мұғалімдерге тиіспеңіздерші»: ұстаздарды концертке билет алуға мәжбүрлеген
Фото: pixabay.com

Жамбыл облысының Қордай ауданында мұғалімдерді әнші Айбек Қайболланың концертіне билет алуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында жазды. Ұстаздардың айтуынша, жергілікті білім басқармасы концерт билеттерін сатып алуды міндеттеген.

«Егер оның концертіне билет өтпесе, мұғалімдер неге ақша жинауы керек? Бұл біздің кінәміз бе? Ақшада шаруам жоқ, мәселе – ұстанымда. Егер бұл қайырымдылық концерті болса, балалар үйіне барып өнер көрсетсе, біз қуана қатысар едік», – деп наразылығын білдірді ұстаздар.

Осыған байланысты ҚР Білім министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы түсініктеме берді. Оның айтуынша, жауапты тұлғаларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

«Заңбұзушылық дәлелденсе, кінәлілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапқа тартылады. Сонымен қатар, «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарын бұзғаны үшін Қордай аудандық білім бөлімінің жауапты өкілдері қызметтік тексеру нәтижесінде жазаға тартылуы мүмкін», – деді министрлік өкілі.

Серіктес жаңалықтары