Атбасар түрмесіндегі сотталғандарды азаптау: прокуратура сот үкімімен келіспей, апелляцияға берді
Олардың ақталғаны туралы 12 ақпанда сот үкімі жарияланды

Атбасарда қамауда отырғандарды азаптау оқиғасына байланысты прокуратура кінәлі деп танылған 12 қызметкерге қатысты сот үкімімен келіспей, апелляцияға өтініш берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, 2025 жылғы 12 ақпанда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің үкімінің негізінде Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «№1 мекеме» РММ-нің бұрынғы 12 қызметкер ақталды.
«Атбасар қаласындағы №1 түзеу мекемесінде бұрынғы лауазымды тұлғалары сотталғандарға қатысты азаптау әрекеттерін қолданғаны үшін айыпталған.
Алқабилердің үкіміне сәйкес, айыпталушылар кінәсіз деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмысты жасаудағы айып бойынша ақталды.
Ақмола облысының прокуратурасы сот актісімен келіспей, 2025 жылы 14 ақпанда апелляциялық өтінішхат енгізді», - делінген прокуратура хабарламасында.