15.02.2025, 07:50
Жаңалықтар
P.Diddy ісі: тағы бір модель рэпердің зорлағанын айтып, үстінен арыз түсірді
Ол 20 жылдан астам уақыт айуандық әрекеттер жасады деп айыпталып отыр
Фото: AP / TASS
Танымал америкалық рэпер P.Diddy өзін зорлаған айтып, тағы бір әйел арыз түсірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі TMZ порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Модель рэпер өзін сексуалдық зорлық-зомбылық жасады және қамауда ұстадып деп айыптап, сотқа шағым түсірді.
P.Diddy зорлау, сексуалдық зорлық-зомбылық, қудалау, қамауда ұстау бойынша айыпталған. Қылмыс 2000-2022 жылдар аралығында Нью-Йоркте, Лос-Анджелесте және Лас-Вегаста рэпердің атақты кештерінде болған деп есептеледі.
2024 жылдың қыркүйегінде оған Нью-Йоркте сексуалдық сауда, жезөкшелік ұйымдастырды деген айыптар тағылды. P.Diddy қамауға алынды. Музыкант Бруклиндегі федералды тергеу изоляторында сотты күтіп отыр.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
