15.02.2025, 00:50
Жаңалықтар
Тәрбиешісі баланы ұрып, тұншықтырған: балабақша тіркелмеген болып шықты
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Видеодан скрин
Алматыда бүлдіршінді тұншықтырып, өлтіріп қоя жаздаған жекеменшік балабақша мүлдем тіркелмеген болып шықты. Бұл туралы бүгін Алматы білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балабақшаның тіркелмегені туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді.
Өз кезегінде қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
«Бостандық ауданы полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады», – дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)