Алматыда екі бойжеткеннен бірнеше килограмм есірткі табылды (ВИДЕО)
Пәтерден таразылар мен орау жабдықтары табылған

Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі бойжеткеннен бірнеше килограмм есірткі тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Криминальный Казахстан» Telegram каналының мәліметінше, 24 жастағы екі бойжеткен Қарағандыдан келген. Тәртіп сақшылары олардың пәтеріне тінту жүргізген.
Тексеру барысында есірткі салынған болуы мүмкін екі қаптама табылды: 2 келіге жуық ауғандық «гашиш» және 1,5 келіге жуық «мефедрон». Тәркіленген заттардың нақты сипатын сараптама анықтайтын болады.
Сонымен қатар, пәтерден таразылар мен орау жабдықтары табылған. Ұсталғандардың бірінде Елена Волоченконың атына полиция аға лейтенантының куәлігі болған. Волоченконың өткен жылы қызметінен босатылғаны хабарланды.
Тергеу жалғасуда.