«Бірге екендерін жасырмайтын болыпты»: Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның видеосы тарады
Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаеваны еркелетіп, бірге билеп жүр
Танымал әнші, актер Нұрлан Әлімжанов пен әнші Әйгерім Қалаубаеваның бір-біріне еркелеп, билеп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнер иелерінің бұл видеосы тыңдарманын ойға салып қойды.
«Айкөш, өзгеғаламшарлығым менің», - деп Lamborghini көлігінің рулінде отырған әріптесін еркелетті.
Екеуінің де бөлек отбасылы екені белгілі. Желі қолданушылары олардың бұл ісін қолдай қойған жоқ.
«Балалары жыламаса болды, өмір өтеді, жас келеді, баланың көңілінде қаяу, жабырқау, мұңаю болмаса болды», «Бірге екендерін жасырмайтын болыпты», «Әркім өз семьясымен болса жақсы», «Әдемі жұп», «Артынан сөз ермеген осы кыз еді», «Бұлар бірге болғаныңа қай заман», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін екеуінің түскен тағы бір видеосы көпшіліктің талқысына түскен болатын.