$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада футбол алаңында жүрген ер адам қаза болды: оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оқиғаға Астанадағы «Достық Арена» спорт кешенінде болғаны айтылды

Астанада футбол алаңында жүрген ер адам қаза болды: оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: istockphoto.com

Астанада 13 ақпан күні жабық футбол алаңында доп теуіп жүрген ер адам оқыс жағдайда көз жұмды. Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті Azattyq Rýhy редакциясының сұрауына байланысты пікір білдірді.

Оқиғаға Астанадағы «Достық Арена» спорт кешенінде болғаны айтылды.

«Ер адамның футбол алаңында қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жазатайым оқиға болды. Ойын кезінде ол қақпаның жанында болды. Қақпаның маңдайшасынан ұсталып, тартылмақ болған, салдарынан құрылым аударылып, оны басып қалды.

Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шаралары кешенді жүргізіледі», - делінген Полиция департаментінің редакцияға берген ресми жауабында.

Айта кетейік, осыған дейін оқыс оқиға желіде таралғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары