$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көрші елдің азаматы Қазақстанға келіп, марихуана өсіріп жүрген жерінен ұсталды

Ол Telegram арқылы марихуанаға тапсырыс беріп, пошта арқылы алғанын мойындады

Көрші елдің азаматы Қазақстанға келіп, марихуана өсіріп жүрген жерінен ұсталды
Фото: Polisia.kz

Ресей азаматы Ақмола облысының Степногорск қаласына келіп, марихуана өсіріп жүрген жерінен қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

5 ақпанда көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау көлік прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ресей Федерациясының 37 жастағы азаматын ұстады. Ол өзінің пәтерінде марихуана өсіретін жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған. Аталған пәтерде оның бес баласы да тұрған.

Polisia.kz мәліметінше, тінту барысында өсімдіктерді өсіруге арналған фитошамдар, желдеткіш құрылғылар және басқа да техникалық жабдықтар, тыңайтқыштар мен химиялық реагенттер, есірткіге ұқсас заты бар пластикалық ыдыс, марихуананың ерекше иісін шығаратын бұталар, тұқым салынған пакеттер тәркіленді.

Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың каннабиноидтар қолданғаны расталды.

Ол Telegram арқылы марихуана тұқымдарын тапсырыс беріп, пошта арқылы алғанын және үй жағдайында жылыжай ұйымдастырғанын мойындады.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары