11.02.2025, 09:52
Жаңалықтар
Тарихи медаль: Қазақстан фристайл-акробатикадан Азия чемпионы атанды
Отандастарымыз Қытай құрамасын артта қалдырды
Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшыларымыз синхронды секіруде үздік атанып, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов бірден екі Қытай командасын артта қалдырды.
Екінші мүмкіндікте қазақстандық фристайлшылар 97,92 ұпай жинап, жарыстың жеңімпазы атанды.
Екінші орынға Қытай құрамасы (93,48 ұпай) жайғасса, үшінші орынды да қытайлық спортшылар (91,57 ұпай) иеленді.
Асан Асылхан мен Дінмұхаммед Райымқұлов 83,96 ұпаймен төртінші орын алды.
Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет Азия ойындарының тарихында осы спорт түрінен алтын медаль жеңіп алды.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты