11.02.2025, 10:06
Жаңалықтар
Тоқаев Иран халқын Ислам революциясы күнімен құттықтады
Тоқаев Иран президентіне құттықтау жолдады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкианға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады.
Жеделхатта Қазақстан президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті.
Сонымен қатар мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан жылға нығайып келе жатқанына ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.
Көп оқылған
20.05.2026, 09:29
Алматыдағы клубтардың бірінде жартылай жалаңаштанған әнші аузына келген сөздерді айтты (ВИДЕО)
20.05.2026, 09:53
Қасымбек пен Головкин қол алысты: келесі жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтетін болды
20.05.2026, 15:30
Көкшетауда тағы бір әйел тротуарда келе жатқан анасы мен баласын көлігімен басып кетті (ВИДЕО)
20.05.2026, 10:25
«Арсенал» араға 22 жыл салып, әрең дегенде Англия чемпионы атанды
20.05.2026, 17:59
Оралда екі күнде екі жасөспірім суға ағып кетті