$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр

Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды
Фото: Алматы облысының Полиция департаменті

Алматы облысының Райымбек ауданында жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 9 ақпанда Lada Largus жүргізушісі Қарасаз-Сарыжаз тасжолының 5-шақырымында қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Lexus LХ470 көлігімен соқтығысқан.

Жол апатының салдарынан Lada Largus жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.

«Өңірлік полиция жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, рөлде мұқият болу және қауіпті маневрлерден бас тарту қажеттігін ескертеді. Қысқы жол жағдайында жіберілген ең кішкентай қателік ауыр қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары