$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда такси жүргізушісі жолаушысының қымбат телефонын тартып алған (ВИДЕО)

Ұялы телефонның құны 650 мың теңге тұратыны анықталды

Қостанайда такси жүргізушісі жолаушысының қымбат телефонын тартып алған (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Қостанайда такси жүргізушісі көлігіне мінген жолаушының қымбат телефонын тартып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Болған оқиға маңайдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға түнде қаланың шағын аудандарының бірінде болған. Екі бейтаныс жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, 650 мың теңге тұратын Айфон телефонын ашық түрде ұрлап кеткен.

Белгілі болғандай, ойын-сауық мекемесінде демалып жүрген жәбірленуші таксиге қоңырау шалған. Жүргізуші досымен бірге келіп, сапар барысында жолаушылар арасында жанжал болған. Нәтижесінде такси жүргізушісі мен оның досы жәбірленушіні ұрып-соғып, смартфонды қолды қылған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаскүнемдерді, 19 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтады. Олар ұрланған телефонды қосалқы бөлшектерге бөліп, 100 мың теңгеге сатып жіберген.

Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сондай-ақ олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары