$ 510.49  527.29  5.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда ресейлік азаматтан 2000-ға жуық SIM-карта тәркіленді

Бұл SIM-карталар арқылы Қазақстан, Ресей мен Еуропа елдеріне телефон қоңыраулары жасалған

Қарағандыда ресейлік азаматтан 2000-ға жуық SIM-карта тәркіленді
Фото: © istockphoto.com

Қарағандыда Ресей Федерациясының 20 жастағы азаматы заңсыз sim-box құрылғысын пайдаланғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Киберқылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері ҚР Ішкі істер министрлігі мен облыстық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізген. Нәтижесінде, күдікті жалдамалы пәтерде ұсталып. Одан sim-box құрылғысы, 1857 дана SIM-карта, екі Wi-Fi роутер және сигнал күшейткіш құрылғы тәркіленді», — деп жазылған хабарламада.

IT-мамандардың қатысуымен жүргізілген сараптама барысында аталған SIM-карталар арқылы Қазақстан аумағында, сондай-ақ Ресей мен Еуропа елдерінде телефон қоңыраулары жасалғаны анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің «Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге немесе абоненттік карта дубликатын жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді заңсыз құру, пайдалану, тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған бап бойынша күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары