09.02.2025, 18:08
Жаңалықтар
Петропавлда үйде жалғыз қамалып қалған 5 жасар қыз құтқарылды
Атасы сыртқа шыққан кезде есік абайсызда жабылып қалған
Фото: ТЖМ
Петропавлда 5 жасар қыз қамалып қалды. Оны құтқарушылар аман-есен алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қыздың атасы сыртқа шыққан кезде есік абайсызда жабылып, бүлдіршін үйде жалғыз қалған. Қария есікті аша алмаған соң, дереу 112 қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен терезені ашып, үйге кіріп, іштен есікті ашқан», — делінген хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, қыз ешқандай жарақат алмаған. Құтқарушылар азаматтарға үйде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау керек екенін ескертеді.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды
27.08.2026, 12:54
Қостанай облысында 16 жұмысшы қаза тапты: олардың өлімі неге есепке алынбай қалған
28.08.2026, 00:29
МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгенің негізсіз төлемі төленбей тұрып анықталды