$ 510.49  527.29  5.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда 15 жастағы қыз өгей әкесінен бала туды

Анасы қызының жүкті екенін толғақ басталғанда ғана білген

Таразда 15 жастағы қыз өгей әкесінен бала туды
Фото: © freepik.com

Таразда 15 жастағы қыз өгей әкесінен бала туды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Halyqstan-ға сілтеме жасап.

«Полицияға облыстық перинаталдық орталықтан хабарласып, 15 жастағы жүкті қыз түскенін айтқан. Баланың әкесі ретінде күдік бірден қыздың 54 жастағы өгей әкесіне түскен. Бірақ ол да, қыздың анасы да оған түбегейлі қарсы шығып, сенбеген», — деп жазады басылым.

Ерлі-зайыптының үш қызы бар: үлкені бірінші некеден, екеуі екінші некеден. Өгей әкесі әйелінің тұңғышын үш жасынан өсірген. Ал қыздың анасы оның жүктілігі туралы толғақ басталғанда ғана білген. 

«ДНҚ талдауы қыздың өгей әкесінен бала көтергенін көрсетті. Оған келіспеген  азамат та, оның әйелі де сарапшылардың қателескенін айтып, Алматыға барып тәуелсіз мамандарға жүгінген. Бірақ оның да нәтижесі алғашқыдай болған. Оны ұстаған соң, алғаш рет қыз 13 жаста болғанда онымен жақындасқанын мойындаған», — деп жазылған хабарламада.

Өгей әкесін ұстаған соң қыз да анасына болған жайды айтып берген және одан қорыққан соң үндемей келгенін жеткізген. Полиция бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті 7- 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Серіктес жаңалықтары