$ 510.49  527.29  5.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да 160 мектеп Илан Масктің Starlink жүйесіне қосылған

Облыс «ақылды» өңірлердің үздік үштігіне кірген

ШҚО-да 160 мектеп Илан Масктің Starlink жүйесіне қосылған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Шығыс Қазақстан облысы «ақылды» өңірлердің үздік үштігіне кірді. Аймақта 5 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылып, оның 300-і интеллектуалды бейнебақылау жүйесін қолданады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында «Ақылды қала» жобасы аясында 26 бастама іске асырылды, олардың үшеуінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.

Маңызды жобалар:

  • Медициналық PACS жүйесі– 20 медициналық мекемеге қосылған, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі. Бүгінге дейін 13 мыңнан астам медициналық суреттерді өңдеген.
  • Мемлекеттік басқаруды цифрландыру – мемлекеттік органдардың бизнес-процестері автоматтандырылды, цифрлық реестрлер құрылды. 2025 жылы бұл жүйеге білім беру, мәдениет және энергетика салалары енгізіледі.
  • Қоғамдық қауіпсіздік – 5 мыңнан астам камера орнатылды, оның 300-іO.P.E.R аналитикалық жүйесін қолданады, бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Осы жобалар арқылы Шығыс Қазақстан облысы «ақылды» өңірлер рейтингінде 77 балл жинап, үздік үштіктен көрінді.

«2024 жылы облыста 96 IT-іс-шара ұйымдастырылып, оған 3 мыңнан астам IT-маман қатысты. Үздік 95 жоба қолдауға ие болды. 219 елді мекенде(96,7% тұрғын) интернет желісі тартылған. 138 ауылға интернет 2027 жылдың соңына дейін жеткізіледі. 160 мектеп Starlink жүйесіне қосылды», — делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары