09.02.2025, 16:16
Жаңалықтар
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
Апат кезінде жеңіл көлік пен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысқан
Фото: lada.kz
Маңғыстау облысында Toyota Camry жеңіл көлігі мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысып, төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
«Жол-көлік оқиғасы 6 ақпан күні Бейнеу – Сайөтес тасжолында болған. Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл көлік жүргізушісі ауыр жарақат алып, Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. «КамАЗ» жүргізушісі зардап шеккен жоқ», — делінген департамент хабарламасында.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы («Көлік құралын басқару ережелерін бұзу, екі және одан да көп адамның өліміне әкелу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, апаттың нақты себептері анықталып жатыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр