Басқа елдің азаматтары «қазақ тілін үйретші» деп жазады – Андрей Тарасов
Қытайда тұратын қандастардың бәрі қазақша біледі екен дейді ол
Кентаулық Андрей Тарасовқа қазақ тіліне қызығатын қауым әлеуметтік желіде хат жазып тұрады екен. Олардың ішінде шетелде тұратын қандастарымыз бар көрінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy..
«Кейбір адамдар ТикТок желісінде жекеме хат жіберіп, «маған да қазақша үйретші, қазақ тілін әлі білмеймін» деп жазады. Оның ішінде басқа елдің азаматтары: Өзбекстан, Ресей, Қытайда тұратын қандастар бар. Байқағаным, Қытайда тұратын қандастардың бәрі қазақша біледі екен, ана тілін қатты қадірлейді. Үйде де, түзде де тек қазақша сөйлейді. Біздің кемшін тұсымыз осы болып тұр ғой», - дейді Андрей.
Андрей Тарасов Түркістан облысында дүниеге келіп, өсіп-өнген. Таяуда отбасымен елордаға көшіп келген ол солтүстіктің халқы қазақша сөйлей бермейді дейді.