«Қазақтың салт-дәстүрін ұстанамыз»: түркістандық Андрей Тарасов орыс тілінде акцентпен сөйлеймін дейді
Ол қазір Астанада тұрып жатыр
Түркістан облысы Кентау қаласының тумасы Андрей Тарасов жақында отбасымен бірге Астанаға көшіп келген. Қазір олар жұмыс істеп, төрт баласын тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Андрей Тарасов Астанаға келгенде басынаен өткен қиындықтар жайлы айтып берді.
«Астанаға келгенде орысша сөйлеу қиынға соқты. Орысша сөйлегенде акцент үшін ұрысып жатқандай боламын. Істемеген жұмысым қалмады. Қазір барлығы жақсы болып кетті», - дейді Тарасов.
Ол қазақтың-салт-дәстүрін де ұстанатынын айтты.
«Әр апта сайын шелпек таратып, балаларымның тұсаукесерін де жасадық. Бажам кесті», - дейді ол.
Андрей Тарасов үш жасынан бастап Түркістанда тұрған. Ол неге өзін Амантай деп атайтынын және қазақ тілін қалай меңгергені жайлы «Azattyq Rýhy» YouTube-каналына берген сұхбатында айтып берді.