Қазақстанда психдиспансер есебінде тұрған ата-аналардың балалары қалай қорғалады
Балаларға қауіп төнген жағдайда, сот арқылы ата-ана құқығын шектеу немесе айыру мәселесі қарастырылады
![Қазақстанда психдиспансер есебінде тұрған ата-аналардың балалары қалай қорғалады](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/09/67a8408b4273f793209910.webp)
Қазақстанда психикалық диспансерде есепте тұрған ата-аналардың балаларының құқығын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы мониторинг алгоритмі жұмыс істейді. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жаңа туған баланың өмір сүру жағдайларын денсаулық сақтау мамандары бақылайды. Ата-ананың психикалық денсаулығы баланың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болса, қорғаншылық және қамқоршылық органдары араласады», — дейді комитет өткілдері.
Сот шешімімен ата-ана психикалық ауытқуларға байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылса, олардың кәмелетке толмаған балаларына қамқоршылық тағайындалады. Баланы туысқандарына, патронаттық тәрбиелеуге, қабылдаушы отбасына немесе асырап алушыларға беру мүмкіндігі қарастырылады.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, бала асырап алуға, қамқоршы немесе патронаттық тәрбиеші болуға келесі тұлғаларға тыйым салынады:
- Есірткі және алкоголь тәуелділігі бойынша есепте тұрғандар
- Психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғандар
«Заңнамаға сәйкес, әрбір бала отбасында өсу құқығына ие, бірақ оның өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда, қорғаншылық органдары араласып, сот арқылы ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыру мәселесін қарайды», — дейді мамандар.