$ 510.49  527.29  5.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр жемқорлық үшін сотталғандардың жартысы айыппұл төлеп жазадан құтылған

Жалпы мұндай қылмыстар үшін 900-ден астам адам сотталған

Былтыр жемқорлық үшін сотталғандардың жартысы айыппұл төлеп жазадан құтылған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

2024 жылы Қазақстанда жемқорлық қылмыстары үшін 900-ден астам адам сотталды, олардың жартысына жуығы айыппұл төлеумен жазадан құтылған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Антикордың мәліметіне сәйкес, былтыр жемқорлық қылмыстары үшін 914 адам сотталған, оның 434-і айыппұл төлеу жазасына тартылған. Жалпы айыппұл сомасы 6,2 миллиард теңгені құрады.

«Сотталғандар айыппұлды белгіленген мерзімде төлемесе, сот үкімі мәжбүрлі түрде орындалады, ал төленбеген сома басқа жазаларға ауыстырылады», —делінген хабарламада.

Айыппұлын төлемегендерге қолданылатын шаралар:

  • Қылмыстық теріс қылық үшін сотталғандарға – 1 төленбеген АЕК (2025 жылы 3 932 теңге) үшін 1 сағат қоғамдық жұмыс немесе 4 АЕК (15 728 теңге) үшін 1 тәулікке қамау.
  • Жеңіл немесе орташа ауыр қылмыс жасағандарға – 4 төленбеген АЕК үшін 1 күн бас бостандығын шектеу немесе қамауға алу.
  • Ауыр қылмыс жасағандарға – 1 күн бас бостандығынан айыру жазасы 4 төленбеген АЕК-ке теңестіріледі.
  • Үлкен көлемде айыппұл салынғандарға – Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады, бұл ретте төленген сома ескеріледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет айыппұлдарды төлемеу сот шешімін қатаңдататынын, сондықтан сотталғандар үшін айыппұлды уақтылы төлеу тиімді екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары