$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Азиада-2025: қазақстандық шаңғышы қола емес, күміс медаль алатын болды

Екінші орын алған жапониялық спортшының тыйым салынған материалдарды қолданғаны анықталды

Азиада-2025: қазақстандық шаңғышы қола емес, күміс медаль алатын болды
Фото: ҰОК

Азиада-2025 ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс медаль түсті. Бұған дейін қола медаль иеленген Константин Борцов жүлдесінің дәрежесі көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаңғы жарыстарының ресми нәтижелеріне өзгерістер енгізілді. Бұған жапониялық спортшының дисквалификациясы себеп болды. Тексеру нәтижесінде оның тыйым салынған материалдарды қолданғаны анықталған.

«Осылайша, Константин Борцов Азиада-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды! Бұл – Қазақстан құрамасының осы жарыстағы үшінші медалі», – делінген дирекция хабарламасында.

Бұған дейін Борцов классикалық стильдегі спринтте үшінші орын алған болатын. Ал бұл жарыстағы алтын медальді қытайлық спортшы Ван Сянь иеленген.

Серіктес жаңалықтары