$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 41 мыңнан астам адам қатерлі ісікпен ауырып жүр: басым бөлігі – әйелдер

Соңғы 20 жылда қатерлі дерт 29,4%-ға өскені анықталды

Қазақстанда 41 мыңнан астам адам қатерлі ісікпен ауырып жүр: басым бөлігі – әйелдер
Фото: istockphoto.com

Астанада Ұлттық онкология орталығында арнайы брифинг өтті. Дәрігерлер мен сарапшылар елдегі онкологиялық аурулардың ахуалы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаевтың айтуынша, соңғы 20 жылда Қазақстанда қатерлі ісік ауруы 29,4%-ға өсті.

«Мәселен, 2004 жылы 29 157 қатерлі ісік ауруы тіркелсе, 2024 жылы 41 293 жағдай анықталды. Жынысына қарай бөлінетін болсақ, әйелдер ерлерге қарағанда жиі ауырады. Әйелдер арасында ауруды анықтау көрсеткіші 43% болса, ерлерде 57% құрайды», - деді Жандос Бүркітбаев.

Дәрігерлер мұндай жағдайды сүт безі қатерлі ісігінің көп таралуымен байланыстырды.

Қазақстандықтар арасында кең таралған онкологиялық аурулардың қатарына мыналар жатады:

  • 1-орын – сүт безі обыры – 13,7% (5 652 жағдай);
  • 2-орын – тоқ ішек обыры (колоректальды қатерлі ісік) – 9,8% (4029 жағдай);
  • 3-орын – өкпе обыры – 9,3% (3833 жағдай).

Қатерлі ісіктің жиі кездесетін себептері: темекі шегу, семіздік, вирустар мен бактериялар, ультракүлгін сәулелер, алкоголь және химиялық карциногендер.

Серіктес жаңалықтары