«Ерке Есмахан басқа жұлдыздарды көре алмайды»: танымал стилист қызық оқиғасын бөлісті
Ол Ерке Есмахан мен Кәмшат Жолдыбаева туралы айтты

Қазақ әншілерімен бірге жұмыс істеген танымал стилист Шолпан Кәрім Ерке Есмаханның басқа жұлдыздарды көре алмайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ерке Есмахан басқа жұлдыздарды көре алмайды. Менің өмірімде болған факт. Астанаға ұшып бардым, қолымда менеджерім бар. Кәмшат Жолдыбаеваның алтын түсті костюмін алып бардым. Наурызда «Қыз сыны» деген Баян Есентаеваның жобасы болған. Сол кезде Кәмшат Жолдыбаеваның ерекше киіммен киіндіріп, даярлап жатқан кезінде, есімде чемоданды жайлап ашып, Ерке Есмахан көз қырымен қарап отырған. Мен сол жобаны Кәмшат Жолдыбаевамен бірге жүзеге асырған кезде, дизайнеріңіз кім деп сұраған. Ерке Есмаханның көз қырымен асықпай қарап тұрғаны есімде қалып кетті. Сонда есімдегісі «мынау деген қатты қызығып жатыр ғой» дедім ішімнен. Себебі ол сахнаға ерекше киімдермен шықты», — деп ағынан жарылды стилист.