Жойқын астероидтың 2032 жылы жерге түсу қаупі екі еселенді
Астероид орталық Африка мен Атлант мұхит аумағына түсуі ықтимал
2024 YR4 астероидының Жермен соқтығысу ықтималдығы 2,5 есеге жуық артты. Бұл туралы америкалық NASA ғарыш агенттігі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ғалымдар 2024 YR4 астероидының Жерге соқтығысу мүмкіндігін 2,3 пайыз деп бағалап отыр. Аспан денесін наурыз айында NASA-ның Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы арқылы бақылау жоспарланған, бұл оның өлшемін дәлірек анықтауға көмектеседі.
2024 YR4 астероиды 2023 жылдың желтоқсанында табылған. Ғалымдардың есептеуінше, оның диаметрі 90 метрге дейін жетуі мүмкін.
Астроном, Ка-Дар обсерваториясының ғылыми директоры Стас Короткий астероидтың 2032 жылы Жерге соқтығысу қаупі бар екенін мойындады. Оның айтуынша, ықтимал соқтығысу аймақтары Орталық Африка немесе Атлант мұхиты болуы мүмкін.