Дүкендердің бірінде сатып алушылар жұмыртқа үшін жаға жыртысты (ВИДЕО)
Жұмыртқа тапшылығы мен бағаның күрт өсуіне байланысты ірі супермаркеттер сатылымға шектеу енгізді

АҚШ-та Lidl супермаркеттер желісі әр тұтынушыға екі қаптамадан артық жұмыртқа алуға тыйым салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
News 12 телеарнасы мәліметінше, тапшылық салдарынан дүкендерде тұтынушылар арасында жанжалдар туындап, кейбір жағдайлар төбелеске ұласқан.
Америкалық кеңестің атқарушы директоры Эмили Мец бұл тапшылықтың құс тұмауының өршуіне байланысты мерзімді түрде қайталануы мүмкін екенін ескертті.
Ал NBC телеарнасы АҚШ-тың еңбек статистикасы бюросына сілтеме жасай отырып, жұмыртқа бағасының бір жыл ішінде 50 пайызға өскенін хабарлады. Сонымен қатар Дональд Трамптың президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін баға тіптен шарықтағанын жазады.