$ 535.99  626.36  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әзербайжан кәсіпкері Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандарға пәтер сыйлады

Пәтерлер жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған

Әзербайжан кәсіпкері Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандарға пәтер сыйлады
Фото: Қазақстан елшілігі

Кәсіпкер Амиль Юсифов қаза тапқан қазақстандықтардың жақындарына Алматы қаласының жаңа тұрғын үй кешеніндегі бес екі бөлмелі пәтердің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2025 жылғы 7 ақпанда Ақтауда былтырғы желтоқсан айында Әзербайжан әуекомпаниясының ұшақ апатында қайтыс болғандарды еске алу асы өтті.

Іс-шараға қаза тапқан қазақстандықтардың отбасы мүшелері, әзербайжан диаспорасының өкілдері, құтқару жұмыстарына қатысқан мекемелердің өкілдері, Ақтау қаласының жұртшылығы қатысты.

«Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің қайғылы оқиғадан кейін елдеріміз арасындағы достық пен бауырластықтың одан сайын күшейе түскені туралы сөздерін еске салды. Осы тұрғыда ол қазақ тарапының әзербайжандық кәсіпкер Амиль Юсифовтың ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету туралы ұсынысын ризашылықпен қабылдағанын атап өтті. Өз кезегінде әзербайжандық бизнесмен Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатқанын және қазақ еліне қолдау көрсетуді өзіне міндет санайтынын жеткізді», – делінген хабарламада.

Амиль Юсифов қаза тапқан қазақстандықтардың жақындарына Алматы қаласының жаңа тұрғын үй кешеніндегі бес екі бөлмелі пәтердің кілттерін табыс етті. Пәтерлер жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған. Сонымен қатар, меценат Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне, Ақтау қаласының ауруханасы мен жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына үш жаңа автокөлік сыйлады.

Серіктес жаңалықтары