«Жолақыға ақшасы жетпей қалған»: Ақтөбеде автобус жүргізушісі балаға еден жуғыздырған
Анасының шағымы желіде жарияланған

Полиция әйелдің шағымынан кейін әрекет етпеген, ал Білім министрлігі оқиғаға байланысты ақтөбелік жүргізушіні жазалауды талап етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бізде бар ақпаратқа сәйкес, №19 автобустың жүргізушісі жол ақысын төлей алмаған мектеп оқушысын еден жууға мәжбүрлеген. Баланың анасы оның автобус картасындағы ақшасы таусылғанын айтады.
Баласын мәжбүрлегені үшін арызданған анасы полицейлерден еш көмек болғанын алға тартты. Дегенмен жағдайға ҚР Балалардың құқықтарын қорғау комитеті түсініктеме берді және 16 жасқа дейінгі балаларды қоғамдық көліктен шығаруға болмайтынын еске салды.
«Жүргізушінің әрекеті негізінен баланы қоғамдық көліктен заңсыз түсіріп жіберумен тең, оның ар-намысын қорлап, кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігіне қауіп төндірді», - деп атап өтті Білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство Бас прокуратурадан оқиғаға құқықтық баға беріп, ешқандай шара қолданбаған қала билігіне қатысты тексеру жүргізуді талап етті.