$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ai-Sana, жасанды интеллект, тегін пәтер: ғылым саласында нендей өзгерістер болды?

Былтыр AI-Sana бағдарламасы іске қосылды

Ai-Sana, жасанды интеллект, тегін пәтер: ғылым саласында нендей өзгерістер болды?
Фото: gov.kz

Еліміздің жоғары оқу орындары үшін жасанды интеллект стандарты қабылданды. Нәтижесінде 20 жетекші университет 20 білім беру бағдарламасын әзірледі – жасанды интеллекет саласындағы жаңа мамандарды даярлау үшін негіз болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін, 7 ақпанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Министр Саясат Нұрбек айтуынша, 2024-2025 оқу жылына 94 251 грант бөлінді, сондай-ақ бакалавриат студенттеріне стипендия 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға артты.

2024 жылы алғаш рет сараланған гранттар енгізілді. Жаңа модель бойынша мемлекет оқу ақысының 50%-ын өтейді, ал студенттер толық стипендия алады.

«Бұл қадам студенттердің қаржылық жүктемесін жеңілдету және олардың оқу жағдайларын жақсарту мақсатында жасалды», — деді министр.

Министрлік сондай-ақ Қазақстанды Орталық Азияның жетекші білім беру хабы ету мақсатында халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтіп, шетелдік студенттер үшін жағдайды жақсартуды көздеп отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда 12 елдің 34 жоғары оқу орнымен стратегиялық серіктестіктер орнатылған. Сондай-ақ елімізде Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның 23 жетекші университетінің филиалдары ашылды.

«Шетелдік университеттер Қазақстанда өз филиалдарын ашу арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға да ықпал етіп жатыр. Мысалы, De Montfort University 16 миллион АҚШ долларын, ал Coventry University 50 миллион АҚШ долларын инвестициялады. Сондай-ақ Лу Бань шеберханаларына 8 миллион юань бөлінді. Бұл инвестициялар білім беру инфрақұрылымын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және еліміздің экономикасына қосымша мүмкіндіктер жасауға септігін тигізуде», – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар алқа отырысында министр отандық ғылым мен технологиялық саясат реформалары аясындағы негізгі жетістіктерге тоқталды.

«Президентіміз ғылымды дамытуға ерекше назар аударуда. Мемлекет тарапынан ғалымдарға, соның ішінде жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен 315 жас ғалымға пәтер берілді. Олардың 290-ы «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылған арнайы несие бағдарламасы бойынша пәтер алды, ал 25-і тегін негізде пәтерге ие болды», — деп атап өтті ол.

Серіктес жаңалықтары