$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда үш күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды

Қыз 4 ақпан күні із-түссіз жоғалып кеткен

Алматыда үш күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды
Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Алматы еріктілері бүгін 28 жастағы Ильмира Кәрімбаеваның мәйіті табылғанын хабарлады, бұл ақпаратты полиция да растады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұған дейін еріктілер Ильмира Кәрімбаеваны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жариялаған болатын. Олардың айтуынша, қыздың телефоны соңғы рет Алма-Арасан маңынан қоңырау шалған. Ол бұл аймақтағы ыстық бұлақтар мен Жапон жолына жиі баратын.

Полицияның мәліметінше, мәйіт Бостандық ауданынан табылған, зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қыздың нақты неден мерт болғаны сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Оның жазатайым оқиғаға тап болғаны немесе өзіне қол салғаны тергеу барысында анықталады.

Серіктес жаңалықтары