06.02.2025, 23:15
Жаңалықтар
«Ағаш кесуге мәжбүрлеген бе?»: Жамбыл облысында еден жуушы қаза тапты
Ол 50 жаста еді
Фото: istockphoto.com
Жамбыл облысында 50 жастағы мектеп қызметкері ағаштан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 30 қаңтар күні Байзақ ауданына қарасты «Дихан» тірек мектебінде болған.
HALYQSTAN Telegram-арнасы мәліметінше, марқұм мектепте еден жуушы болып жұмыс істегенімен, іс жүзінде күзетшінің де міндетін атқарған. Ол жұмысқа тек кешкі уақытта келетін.
«Қайғылы оқиға болған күні оны мектепке әдеттегіден ертерек шақырып, ағаш кесуге жіберген. Бірақ ресми нұсқаға сәйкес, оның үстіне ағаш құлаған», – дейді ауыл тұрғындары.
Облыстық білім басқармасы бұл жағдайды растады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды
17.05.2026, 10:33
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды