06.02.2025, 23:42
Жаңалықтар
«Брендгүл болыпсың»: Ерке Есмахан бір айлық саяхатынан фотоларын бөлісті
Әнші Еуропа елдерін аралаған
Фото: instagram.com/erke_esmahan
Жақында аяғы ауыр екенін хабарлаған Ерке Есмахан бір айлық саяхатының әдемі нүктесін қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші бір ай ішінде Еуропаны аралап, Париж, Милан сынды қалаларда түсірілген әсем фотоларын бөлісіп, жақсы демалыс болғанын айтты.
«Бір айлық саяхатымыздың әдемі нүктесін қойдық. Әрқайсымыздың қалауымыз, арманымыз орындалған демалыс болды. Алла қаласа, келесі жанұялық сапарымыз 5-ші адамға толықсын деп тілейміз», – деп жазады әнші.
Соңында жұлдыз әр қазақтың шаңырағына шаттық пен дәулет тіледі.
«Жап-жас, жарқырап тұр ғой, от, от», «Брендгүл болыпсың», «Күлемін, басыма келсін», – деп пікір білдірді оқырмандары.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 17:10
Маңғыстауда жалған неке арқылы 50 млн теңге жымқырған подполковник 6 жылға сотталды
15.08.2026, 16:32
СҚО-да құтқарушылар дронның көмегімен алқапта адасқан қызды тапты