02.02.2025, 23:45
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам көз жұмды
Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады
Фото: istockphoto.com
Шығыс Қазақстан облысында «Күршім – Қалжыр» тасжолында болған жол апаты төрт адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
1 ақпан күні Lada Granta және Hyundai Santafe көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан Lada Granta жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Құзырлы органдар бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді