02.02.2025, 23:22
Жаңалықтар
Петропавл тұрғыны итті құтқарамын деп өзі құдыққа түсіп кеткен (ВИДЕО)
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғынды құдықтан арнайы жабдықтың көмегімен шығарып алды
Фото: istockphoto.com
Петропавлда ер адам құдыққа құлап кеткен итті құтқаруға тырысып, өзі тереңге түсіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол итті достарына көтеріп беріп үлгергенімен, мұздай суға толы құдықтан өзі шыға алмай қалған. Қасында болған достары құтқарушыларды шақырған.
Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік жабдықтың көмегімен ер адамды қауіпсіз жерге шығарды. Абырой болғанда, оған медициналық көмек қажет болмады.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)