03.02.2025, 00:02
Жаңалықтар
Арыстан торға абайсызда құлап кеткен ер азаматты талап өлтірді
Қайғылы оқиғадан кейін билік хайуанаттар бағын уақытша жапты
Фото: istockphoto.com
Мысырдың Эль-Файюм қаласындағы хайуанаттар бағында арыстан 47 жастағы қызметкерді талап өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Youm7 газетінің мәліметінше, қызметкер абайсызда тор ішіне құлап кеткен. Жыртқыш оған шабуыл жасап, басынан ауыр жарақат салған. Ер адам сол жерде мерт болды.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары арыстанды атып тастаған. Қайғылы оқиғадан кейін билік хайуанаттар бағын уақытша жабу туралы шешім қабылдады.
Басылымның жазуынша, марқұм 47 жаста, ол хайуанаттар бағында күзетші болып жұмыс істеген.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті