$ 526.5  611.64  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда жол апатынан кейін бір көлік аударылды: 5 жастағы ұл мен 2 жастағы қыз зардап шекті

Жол апаты Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет маңында болған

Оралда жол апатынан кейін бір көлік аударылды: 5 жастағы ұл мен 2 жастағы қыз зардап шекті
Фото: Мой город

Орал қаласында жеңіл автокөлік жол-көлік оқиғасынан кейін аударылып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой город» порталына сілтеме жасап.

«Жол апаты Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, қара түсті «Приора» көлігі соқтығысқаннан кейін аударылып кеткен. Оқиға орнында куәгерлер көліктің ішінен балаларды шығарып алған», — делінген материалда.

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты салдарынан 34 жастағы әйел, 5 жастағы ұл бала және 2 жастағы қыз бала зардап шекті. Дәрігерлер оларды тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Барлығына амбулаторлық ем тағайындалды.

Жол апатының себебі мен мән-жайын анықтау үшін полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары