Бублик Франциядағы АТР турнирінің жартылай финалына өте алмады
Ол америкалық теннисшіден жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монпелье қаласында өткен АТР 250 турнирінің жартылай финалына жолдама ала алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ширек финалда Бублик америкалық Александр Ковачевичпен кездесіп, 3:6, 2:6 есебімен жеңіліс тапты. Ойын 1 сағат 16 минутқа созылды.
Ойын барысында Бублик ерекше әрекетімен көзге түсті. Ол доп беруші балаға өзін алмастыруды ұсынды. Бала допты ойнап жібергенде, Ковачевич оны торға соғып алды. Бұл сәт көпшілікке күлкілі әсер қалдырды.
Александр Бублик осы жеңілісімен турнирді ерте аяқтады. Ал Ковачевич турнирдің бірінші ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен жартылай финалда кездеседі.
Айта кету керек, Александр Бублик Монпелье турнирінің қазіргі чемпионы. Ол бұл титулды 2022 жылы жеңіп алған еді.