Алматыда бірнеше сағат бұрын босанып, сәбиін көпқабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткен ана ұсталды
Ол ұсталып, медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды

Алматыда көпқабатты үйдің кіреберісіне жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел адам табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбидің анасының жеке басы анықталды.
«Ол ұсталып, медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.
Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ПД хабарламасында.
Айта кетейік, 30 қаңтар күні Чернышевский көшесіндегі көпқабатты үйлердің кіреберісінен тұрғындар нәресте тауып алған болатын. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, нәрестенің дүниеге келгеніне бір-екі сағат қана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылды.