$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның шығысы мен орталығында 28 градус аяз, ал оңтүстігінде 7 градус жылы болады

1 ақпанда еліміздің шығыс және оңтүстік-шығысында қатты қар жаууы мүмкін

Қазақстанның шығысы мен орталығында 28 градус аяз, ал оңтүстігінде 7 градус жылы болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, демалыс күндері Қазақстанның көп бөлігінде солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы қалыптасады.

Бұл циклонмен бірге бұлтты ауа райы, жауын-шашын (қар, дымқыл қар және жаңбыр), қар жауу, боран, жел, тұман және мұзды құбылыстар болуы мүмкін. 1 ақпанда еліміздің шығыс және оңтүстік-шығысында қатты қар жаууы мүмкін. Ал оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

«Түнде еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында ауа температурасы -15-28 градус аралығынан -0-18 градус аязға дейін көтеріледі, ал күндіз солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында ауа температурасы -4 градус аяздан +2 градус жылуға дейін жылынады, шығыс пен орталық Қазақстанда күндіз ауа температурасы -0-11 градус аяз шамасында болады.

Батыс аймақтарында минималды температуралар -8 градус аяздан +2 градус жылуға дейін өзгереді, максималды температуралар 0-10 градус жылуды құрайды.

Оңтүстік аймақтарда түнде ауа температурасы -2-13 градус аяз аралығында болады, күндіз -2 градус аяздан +7 градус жылуға дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста түнде температура -5-15 градус аязға дейін төмендейді, таулы аудандарда бұл көрсеткіш -17-25 градус аязға дейін жетуі мүмкін, ал күндіз ауа температурасы -0-7 градус аяз арасында болады», - делінген синоптиктер болжамында.

Серіктес жаңалықтары