31.01.2025, 15:20
Жаңалықтар
«Азап болды»: Жұлдыз Әбдікәрімова жұрт білмейтін сырқаты жайлы айтты
Ол тіпті тыныс алу да қиындағанын айтты
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Әнші Қайрат Нұртастың жары, танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова басынан өткен қиындықтарымен бөлісті. Ол 2024 жылы жаз бойы ауруханада ем қабылдағанын және ауыр дерттің себебін табу қиынға соққанын айтты,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Басымның қысып ауыратыны сонша, тіпті тыныс алудың өзі азап болды. Дәрігерлер себебін анықтай алмай, менімен бірге әбден қиналды. Басымды сан мәрте тексерістен өткіздік. Тасқа да, тауға да соқтық деген осы шығар», – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.
Сонымен қатар, актриса 2022 жылы қоныстануы тиіс болған үйіне әлі қол жеткізе алмай жүргенін және осы мәселе бойынша сот процесі жалғасып жатқанын атап өтті.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды