«Ол маған ұнайды»: блогер Сабина Мовлаева жас әншімен көңіл жарастырып жүр ме (ВИДЕО)
Жұрт арасында блогердің туған күнінен кейін түрлі пікір қалыптасты

Атышулы блогер Сабина Мовлаева 27 жасқа толған туған күн кешінде жас әнші Нұрмұхамед Жақыппен қолұстасып шыққанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ол маған ұнайды. Негізі Қайрат Нұртасты шақырғым келген. Бірақ ол кісі шетелде болды. Екеуінің де әндерін сүйіп тыңдаймын. Екеуіміз (ред. – Нұрмұхамед) VIP кабинетте отырмыз. Одан «қай жылғысың?» деп сұраймын. Ол 2006 жылғымын дейді. Ал мен әзілдеп 2008 жылғымын деймін. Содан ол парақшама бірден тіркелді.
Жап-жас жігіт болса да харизмасы күшті. Нағыз батыл жігіт екен», - дейді ол сөзін.
Жұрт арасында блогердің туған күнінен кейін «Ерке мен Райым жұбының жолын жалғайды. Өз Райымын тапты ма?» деген пікір тарады. Блогер бұл пікірге де ойын білдіріп өтті.
«Әумин. Арамыз 8 жас. Біз қыздар жігіттерге қарағанда тез қартаямыз ғой. Кіші болғаннан кейін ұялған болар. Бірақ қол ұстасып тұрғанда күшті бір сезімде болдым», - деп блогер сұраққа жауап беріп, күлкісін тоқтата алмады.
Айта кетейік, осыған дейін атышулы блогер танымал жас әншімен қол ұстасып жүргені жарияланған болатын.