Қазақстан өндірген тауық етінен қауіпті бактерия табылды: министрлік мәлімдеме жасады
Комитет Ресейден ресми ақпарат алмаған

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресейде Қазақстан шығарған тауық етінен қауіпті бактерия – листерия анықталғаны туралы ақпаратқа ресми жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
29 қаңтарда Ресейдің «Россельхознадзор» мекемесі «Макинск құс фабрикасының» өнімдеріне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізгенін хабарлаған.
«Күшейтілген зертханалық бақылау барысында кәсіпорын өндірген өнімдер ЕАЭО елдері арасында тасымалдана алады. Алайда әрбір партия зертханалық тексерістен өтуі тиіс. Қазіргі таңда Комитет Россельхознадзордан зертханалық зерттеу нәтижелерін растайтын ресми ақпарат алған жоқ», – делінген ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мәлімдемесінде.